Кеше, 14 шілде сәрсенбіде Үндістанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Үндістан мен Қытай арасында былтыр келісім жасалғанымен Гималай тауының батысындағы шекара шиеленісі әлі де жалғасып жатқанын білдірді. Әрі, Үндістан Қытайға қарата шиеленістің жалғасуы қос тараптың мүддесіне сәйкес келмейтінін айтқан.
Reuters ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, былтыр жыл соңындағы екі тараптың әскери қолбасшылары арасында келісім жасалғанына қарамастан Жайшанкар секілді бірқатар таулы шекараларда шиеленіс жалғасып келеді.
Былтыр ұзақ уақыт әскери тіресуден кейін Қытай мен Үндістанның жоғары әскери шенділері 9 раундтық келіссөз өткізген. Оның нәтижесі бойынша екі тарап Паңгоң көлі маңынан он мыңдаған әскерлерін кері қайтарып, ауыр әскери техникаларын алып кеткен еді.
Үндістан СІМ тарабы мәлімдемесінде: "Қайшылықтың жалғасуы екі елдің де мүддесіне сәйкес келмейді, бұл туралы былтырғы келісімде де көбірет айтылғанын еске саламыз. Жағдайдың бұлай жалғасуы екі ел қатынасына кері әсер етеді", - деген.
Мәлімдеме мазмұнына қарағанда, Үндістан тарабы екі елдің шиеленісті шешу үшін ортақ іздесін қалайтынын көрсетеді. Азиядағы екі алып ел арасындағы шекара жанжалы үнемі қайталанып келеді. Былтыр маусымдағы қақтығыста қос тараптан да ондаған әскер қаза тапқан болатын.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?