Қазақстанда індет қарқыны бұрын-соңды болмаған деңгейде өршіп, коронавирус пен осы тектес пневмонияға шалдыққандар саны тағы 3242 адамға артты. Бейсенбі күні 38 адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 8 шілдеде коронавирус (КВИ+) жұққан 3130 адам, ал 8-і коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққан 112 адам тіркелді. Қазір елде 3765 мыңнан аса адам (КВИ+ бойынша 36 371, КВИ- бойынша 1393) ауырып жатыр.

#COVID ПТР тесті арқылы коронавирус жұққаны расталған науқастардың басым бөлігі әдеттегідей астана (798),  Қарағанды облысы (325) және Алматы қаласында (491) тіркелді. Бұдан өзге Шымкент (246), БҚО (198),  Атырау (160), Маңғыстау (137), Павлодар (130), Алматы (118), Ақмола (108), Ақтөбе (104) облыстарында дерт үдеп тұр. Өткен тәулікте 2087 адам айығып шығып, үйіне жіберілген. Осы бейсенбіде жиыны 33 адам қайтыс болған.

#COVID_пневмониясы 7 шілдеде ақпараты бір тәулікке кешігіп берілетін коронавирус пневмониясына шалдыққан 112 науқас есепке алынды. Ведомство дерегінше, олар Қостанай (16), астана (12), Алматы қаласы (11), Жамбыл (11), Атырау (10) облыстары,  Шымкент (10) қаласында көптеп анықталған. Сонымен қоса, 76 адам айығып шыққан, тағы 5 адам көз жұмған.

ДенМин хабарынша, 1 шілдеде ПТР скринингі негізінде 414 сынама жүргізілген. Сәйкесінше, барлық үлгінің 48,3%-ынан Қазақстанның түгел аймағынан үндістандық «Дельта» штамы анықталған. Үкімет мәліметінше, биыл көктем-жазда геномдық зерттеу нәтижесінде елдің басым бөлігінен вирустың бразилиялық, британдық, оңтүстікафрикалық және үндістандық штамдары анықталған.

#Жалпы  ДенМин дерегіне қарағанда, емделіп жатқан 37 764 науқастың 12 мыңға жуығы ауруханада, 25,5 мыңы амбулаторлық бақылауда. Ахуалы нашар 770 науқастың жағдайы нашар, ондағы 161 адамның хәлі өте ауыр. Бұдан өзге 88 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.

Өткен күнгі дерек бойынша, вирустың таралу қатері жағынан астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе облыстары «қызыл аймаққа» енді. Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан өңірлері «сары аймақта» тұр. Қазақстан тұстас қызыл реңге боялды.

Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 451 мыңға, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 57,5 мыңға жеткен. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 508 мыңнан асқан. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.

Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 10 462 адам (КВИ+ / U07.1 – 4609, КВИ- / U07.2 – 3486, ілеспе аурулардан – 2367) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді. Бұған қарсы сарапшылардың сөзіне қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.

Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Worldometers дерекқоры, Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 44-орында тұр.

Үкіметтің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстанда 2 млн 389 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған.

"The Qazaq Times"