Қазақстанның үш аймағында "жалған вакцина паспортын сатқан" медицина қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы бүгін, 9 шілдеде жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.
"Іс вакцина паспорттарын қолдан жасауға дейін жетті. Кеше ғана үш аймақта соны сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталды, олар іс жүзінде екпе алмаған адамдарға құжат жасаған, ал вакцинаны жойып отырған. Өздеріңіз көріп отырғандай, халықтың денсаулығы баюдың құралына айналды, ал бюджеттен бөлінген қаржы желге ұшып жатыр" деді Ахметжанов агенттік жиынында.
Ол бұл тек жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, астанада, Ақмола және Алматы облыстарында медицина қызметкерлері ұсталған.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі жалған вакцина паспортын жасауға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Ведомство "жалған вакцина паспортын жасау жаппай сипат алды" деген ақпаратты жоққа шығарған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы