Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны 21 шілдеде ұшырылады. Халықаралық ғарыш стансасына «Наука» жаңа зертханалық модулін ұшыру мерзімін мемлекеттік комиссия белгіледі.
Бастапқыда ұшыру 15 шілдеге белгіленген, алайда ұшар басындағы жұмыстардан кейін «Наука» модулі монтаждау-сынау корпусына қайтарылып, ұшыру бір аптаға кейін қалдырылды.
Мәліметтер бойынша, мамандар құрастыру кезінде жұлдыз сенсорларын экран-вакуумды жылу оқшаулағышпен жабуды ұмытып кеткен.
«Наука» модулінің ХҒС-қа ұшуы 8 тәулікке созылады. Ал «Звезда» қызметтік модуліне қосылуы 29 шілдеге белгіленген.
Ресейдің Байқоңырдан ұшырылатын «Протон М» зымыраны Кеңестер одағы кезін есептемегенде Қазақстан аумағына 1999 жылдан бері құлап келеді. Соңғы рет «Протон М» зымыраны ел аумағына 2015 жылы 16 мамыр күні құлаған. Ал 2018 жылы 11 қазанда сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында «Союз МС-10» кемесі бар «Союз ФГ» зымыраны ұшырылды. Бірақ зымыран әуеге көтерілген бетте апатқа ұшырап, экипаж мүшелері жерге қонуға мәжбүр болған. Ресей тарапы Қазақстан халқының қарсылығына қарамастан апатқа жиі ұшырайтын «Протон» зымырандарын ұшыруды тоқтатқан жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы