Қазақстанда 27 маусымда 1686 адамнан коронвирус анықталған. Екі күн күн бұрын 15 адам коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгілі болды. Елде науқастар саны коронавирустың жылдам тарайтын түрі "үндістандық штамның" табылғалы көбейіп жатыр.
Өткен тәулікте астанада – 507, Қарағанды облысында – 278, Алматыда – 215, Шымкентте – 103, Батыс Қазақстан облысында 101 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстары коронавирус бойынша "жасылдан" "сары аймаққа" өтті. Бұған дейін "сары аймақта" үш облыстан бөлек, Шымкент, Қостанай және Маңғыстау облыстары болған. Қазір "жасыл аймақта" Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана қалған. Астана, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл аймақта" тұр.
26 маусымда 11 адам қайтыс болған: 10 адамның өліміне – коронавирус, 1 адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болған.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде 419 800 адамның ПТР тесті оң шыққан, 4316-сы қайтыс болған. Коронавирус пневмониясын жұқтырғандар 56 940 адамға жетті. 3443-і көз жұмған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі