Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынатынын мәлімдеді.
Бүгін елге есеп берген ведомство басшысының айтуынша, қалдық көлемін қысқарту мақсатында Waste to Energy қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізу жөніндегі заң қабылданды.
«Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін алты қала белгіленді. Олар: Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен. Әкімдіктер зауыт құрылысына қажет жер телімдерін бөлді. Энергия беруші ұйымнан электр желісіне қосудың таяу нүктелерін бекітті. Энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін аукционды өткізуге құжаттарды қабылдау басталды. Екінші жартыжылдықта қорытынды шығарамыз», – деді экология, геология және табиғи ресурстары министрі.
Мырзағалиев заңсыз қоқыс полигондарының проблемасын сөз етті.
«Ғарыштық мониторинг аясында жыл сайын 8000-ға жуық қоқыс үйіндісі анықталады. Бұл ретте, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселесін жүйелі шешу үшін жаңа Экология кодексінде қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген. Қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындар үшін лицензиялау және қоқыс шығаратын ұйымдар үшін хабарлама жасау тәртібі енгізілді», – деді ол.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы