НАТО қарулы күштері Ауғанстаннан шегінгеннен кейін де елдегі маңызды нысандарды қорғау міндетін жалғастырады. Бұған қоса үкіметтік күштерді оқыту-жаттықтыру бойынша ынтымақтаса бермек. Бұл турал қорғаныс ұйымының бас хатшысы Йенс Столтенберг мүше елдердің СІМ башсыларының бас қосуынан кейінгі баспасөз жиынында мәлімдеді.  

НАТО бас хатшысы мәлімдемесінде, ұйым Ауғанстаннан шегінуді жалғастыра отырып, елге қолдау көрсетуін жалғастырады. Арнайы күштерді тәрбиелеу және халықаралық әуежай секілді маңызды нысандарды қорғау міндетін жалғастырмақ.

Столтенбергтің мәліметіне сай, бұдан кейін НАТО ұйымының азаматтық бөлімі Ауғанстан орталық қаласы Кабулда орналасады. Үкіметке қарасты қарулы күштерге кеңес беру және тәжірибелерін арттыру бойынша кеңес беру міндетін атқарады.

Айта кетейік, НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер онлайн кездескен кезеті жиында НАТО-ның Ауғанстаннан шегінуі, елдегі қолдауды жадғастырудың жолларын, бұдан тыс Ресей, Қытай, Беларусь пробелмаларына қарсы ұйымның ұстанымы мен әрекеттерін талқылады. 2023 жылға дейінгі қорғаныс шығындары мен стратегиялық жүрістерді ақылдасты.

“The Qazaq Times”