Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында 41 жастағы ер адамнан құс тұмауының H10N3 штамы анықталды. Бұл ауру адамға алғаш рет жұғып отыр.
Ресми мәліметтерге қарғанда, Чжэньцзян қаласының тұрғыны сәуірдің соңында дене қызуы көтерілген күйде ауруханаға түскен. Диагнозы тек бір ай өткен соң – 28 мамырда анықталған. Қазір оның жағдайы тұрақты деп айтылады. Бұған қоса, дәрігерлер оны ауруханадан шығаруға болады деп санайды. Онымен араласқан адамдардан әзірге тұмау белгілері анықталмаған.
H10N3 – үй құстары арасында тарайтын төменгі патогенді вирус түрі. Қазір оның тұрғынға қандай жолдармен жұққаны анықталып жатыр.
Халықаралық БАҚ-тардың жазуынша, Қытайда құс тұмауының түрлі штамы бар. Кейбірі құс шаруашылығымен айналысатын адамдардан табылған. Соңғы рет құс тұмауының H7N9 түріне байланысты індет 2016-2017 жылдары өршіген. Ол кезде аурудан шамамен 300 адам қайтыс болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі