Жо Байден АҚШ-тың барлау органдарына бұйрық беріп, Covid-19 вирусының қайдан шыққанын 90 күн ішінде тауып шығуды тапсырды.
Жаһандық пандемияға ұласқан індет алғаш рет 2019 жылдың соңына қарай Қытайдың Ухан қаласында тіркелген болатын. Әлемге кең тараған қауіпті вирусқа 168 млн адам жұғымдалып, 3.5 миллион шамасындағы адам көз жұмды. Мамандар пандемия аяқталғанға дейін бұл көрсеткіштер тағы бірнеше еселенуі мүмкін деп қарайды.
Індеттің қайдан пайда болып, қалай тарағаны туралы көптеген болжамдар мен таласты пікірлер бар. Қытай ресмилері таратқаг мәліметте вирус Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан тараған делінген. Эксперттердің басым көбі вирус жануардан адамға жұққан дегенге тоқтайды.
Бірақ, соңғы уақытта АҚШ ақпарат құралдарында вирустың Қытайдағы зертханадан тарағаны туралы мәліметтер жиі айтыла бастады. Бұл туралы АҚШ пен Қытай үкіметтері арасында бұған дейінде дау-дамай болған. Қытай вирустың пайда болуы мен таралуына қатысты бұл нұсқаны терістейді, тіпті Қытай ресмилері вирус Қытайға АҚШ лабораториясынан келді деген.
Егер індет ошағы Қытайдағы лаборатория болса және оның таралуына байланысты алғашқы есептерді Қытай билігің жасырғаны расталса Қытай тұтас әлем алдында індет зардабы үшін төлем төлеуге жығынды болуы мүмкін. Бұл президент Трамп тұсында да көтерілген болатын. Ол тұстағы АҚШ-Қытай қатыгасына байланысты бұл тұжырымдар саясиланып кетті деген пікірлер де айтылған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер