Өткен тәулікте Қазақстанда 1 849 адамнан коронавиус анықталып, 23 адам қайтыс болған. Денминнің хабарлауынша, екі күн бұрын 107 адамнан коронавирус пневмониясы табылған.
Қарағанды облысында – 320 жағдай, Астанада – 297, Алматыда – 290, :zap: Ақмола облысында – 129, Батыс Қазақстан облысында-98, Павлодар облысында – 97, Шымкентте – 91, Алматы облысында – 90, Шығыс Қазақстан облысында – 80, Атырау облысында-75, Ақтөбе облысында – 64, Маңғыстау облысында – 47, Қостанай облысында – 41, Түркістан облысында – 39, Солтүстік Қазақстан облысында – 38, Жамбыл облысында – 32, Қызылорда облысында – 21 жағдай тіркелген.
2020 жылдың 13 наурызынан бері 380 160 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3879-ы қайтыс болған.
Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 837 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3349-ы қайтыс болған.
Осы аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтқан. Қазір Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстары, Алматы мен астана «қызыл аймақта» тұр. Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақта» тұр. Қалғаны облыстар «жасыл аймақта».

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті