Жалпыхалықтық вакцинация науқанын дер кезінде бастамаған Үндістандағы эпидахуал нашарлап кетті.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, пандемия басталғалы әлемле 153 миллион адам вирус жұқтырып, 3,2 миллион адам ажал құшқан. Күнделікті жаңа кейстердің саны бір аптадан астам уақыт бойы рекорд орнатты – тәулігіне 800 мыңнан астам жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіштің жартысына жуығы Үндістанға тиесілі.
2 мамырда мұнда 368 мың адамнан коронавирус табылып, 3417 адам көз жұмды. Елдегі індет ахуалы ушығып, крематорийлер мәйіттерді өртеп үлгермей жатыр.
Елде жалпы саны 20 миллионға жуық кейс тіркеліп, 219 мың адам қайтыс болған. Алайда сарапшылар бұл статистиканың шындыққа жанаспайтынына сенімді. Себебі есеп тек дәрігерлердің қарауында болған науқастар арасында жүрді. Мыңдаған үндістандық алғашқы медициналық көмек алмай қайтыс болған. Осы орайда премьер-министр Нарендра Модидің партиясы шешуші штат Батыс Бенгалиядағы сайлауда жеңіліс тапты.
Әлемдегі ең ірі вакцина өндірушісі, үнділік Serum институтының басшысы Адар Пунавала Нарендра Моди үкіметін Үндістанда халықты вакцинациялау үшін дәрі-дәрмектер жетіспейді деп айыптады. Сарапшы Үндістан билігіне наурызға дейін, аурудың екінші толқыны елге енген кезде вакцинацияны бастауды ескерткен. Ал осы уақытқа дейін тек 21 миллион дозаға тапсырыс берілген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі