Эпидахуал жақсарған Еуропаның бірқатар елдерінде карантин шектеулері жеңілдетіле бастады.
Осы аптадан бастап Италияда мәдени нысандар қайта ашылып жатыр. Мысалы, Пиза мұнарасына келушілерді қабылдауға рұқсат берілді. Біраз өңірлер қызыл аймақтан сарыға өтіп жатыр. Алайда ел астанасы Рим маңындағы Сабаудия қаласы керісінше қызыл аймаққа өтті. Өйткені мұнда коронавирус жұқтыру деректері көбейген.
Францияда енді ел ішіндегі өңірлер арасында қатынауға қатысты шектеулер алынып тасталды. Сондай-ақ бүгін орта және жоғары сынып оқушылары мектепке қайта оралды. Олар сәуірдің басында онлайн оқуға көшірілген болатын.
Ал Грекияда бүгіннен бастап тамақтану орындары ашылды. Олар былтыр қарашадан бері келушілерді қабылдамаған еді. Дегенмен қонақ ғимарат ішінде отыра алмайды. Әзірге мейрамхана мен қонақ үйлердің жазғы алаңдары ғана жұмыс істейді. Одан бөлек, бүгіннен бастап түнгі коменданттық сағат уақыты бір сағатқа қысқарады. Тура бір аптадан кейін бастауыш және орта сынып оқушылары мектепке оралады. Ал 14 мамырда Эллада елі шетелдік туристер үшін шекарасын қайта ашуға дайындалып жатыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы