Бішкек пен Душанбе әскери бөлімшелерін шекарадан шығару процесін аяқтады. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлады.
Шекара ведомствосының деректері бойынша құрамына екі елдің Қорғаныс министрлігінің өкілдері кіретін, бұрын әскери бөлімшелер мен әскери техника орналасқан аумақты тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның жұмысы жалғасып жатыр. Шекарадағы және оған іргелес аудандардағы жағдай қазіргі уақытта тұрақты.
Осы мәселе бойынша кеше Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан тарапынан Саймумин Ятимов кездесті. Делегация басшылары жанжалды бейбіт жолмен шешуді талқылап, ортақ хаттамаға қол қойған.
28-29 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында әскери қақтығыс болып, салдарынан 34 қырғыз азаматы қайтыс болды. Қырғызстан аумағындағы елдімекендерден 20 мың адам көшірілді. Тәжікстан билігі әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат бермеді.
1 мамырда Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациялары келіссөз жүргізіп, нәтижесінде тараптар қақтығысты толық тоқтататынын, әскерді тұрақты орнына қайтаратынын мәлімдеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы