АҚШ үкіметі сол елдің жергілікті уақытымен 14 сәуір күні жариялаған хабарында, Ресей, Иран, Сүрия үш елдің өздеріне қарата қатаң ескерту жасағаны белгілі болды. Сүрия жақ өткен аптадағы химиялық қару туралы халықаралық комиссияны тексеріп анықтауға шақырып отыр.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі Иран, Сүрия қатарлы үш елдің сыртқы істер министрлер отырысын басқарды. Ол және өткен аптадағы АҚШ-тың Сүрияға жасаған шабуылы халықаралық құқықты бұзған «өрескел басбұзарлық» деп айыптады. Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-қа: «Егер алда және осындай шабуылдар болатын болса, онда ол өңірлік қауіпсіздік ғана емес, халықаралық қауіпсіздік мәселесінің аса ауыр жағдайын келтіріп шығарады», – деп ескертті.
Жиналыста сөз алған Иран СІМ басшысы Зариф мен Сүрия Сыртқы істер министрі Уалид Муаллем де Уашингтонның үшжақты қатаң ескертуіне сәл қарамауын қадай айтты. Олар АҚШ-тың бір жақты әрекеттері халықаралық сенімділікте үлкен қолайсыздықтар алып келді деді.
Отырыс нәтижесі Ресей, Иран, Сүрия үш елдің АҚШ-қа қатаң ескерту жасауымен ақырласты. Олар: «Егер АҚШ Сүрияға жаңа шабуыл жоспарын жасайтын болса, онда қауіпсіздік мәселесі өте қиын жағдайға қалатынын ескертеміз. Үш жақтың пәрменді жауабы дайын», – деді.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі