Армения премьер-министрі Никол Пашинян алдағы кезектен тыс парламенттік сайлауға байланысты отставкаға кетті. Бұл туралы үкімет басшысы өзінің фейсбуктағы парақшасында жариялады.
Бірақ Пашинян сайлау өткенге дейін премьер-министр міндеттерін атқара береді. Ал кезектен тыс парламенттік сайлау маусымның 20-сына белгіленген. Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне тағы да ұсынылатынын айтты.
2 сәуірде Армения парламенті екінші оқылымда сайлау кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады, оған сәйкес республика рейтингтік жүйеден толығымен бас тартып, пропорционалды жүйеге көшеді. Заң шығарушы спикер Арарат Мирзоянның айтуынша, ұсынысқа 82 адам қолдап дауыс берген. Осылайша, 20 маусымға жоспарланған кезектен тыс сайлау жаңа ережелер бойынша өтеді.
Армения парламентінің қазіргі құрамына мандат саны көп «Менің қадамым» блогы, «Гүлденген Армения» және оппозициялық партиялардың фракциялары кіреді. Экс-президент Серж Саргсянның Республикалық партиясы өткен сайлауда жеңіске жете алмады.
Жергілікті заң бойынша жазға белгіленген саяси додадан кейін парламент жаңа министрді сайлауы тиіс. Егер екі тур кезінде де үміткерлердің ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса, парламент өзін өзі таратып жібереді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді