Әлемде тағы бір ел Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы әрекетін геноцид деп таныды. Бір күн бұрын Британ Өкілдер палатасы Шыңжаңда геноцид жасалғанын алғаш рет мәлімдеді. Осылайша Британия коммунистік Қытай билігінің Шыңжаңдағы әрекеттерін геноцид деп таныған әлемдегі төртінші ел болып қалды.
Бұған дейін АҚШ, Канада және Нидерланд Шыңжаңдағы геноцидті растаған болатын. Британ парламентінің бұл шешімі Қытайға қарсы наразылықтың күшті екенін аңғартады. Ал, Парламент шешімі Британ үкіметін қандай да бір шаралар жасауға мәжбүрлейді.
Бейжің тарабы бірден жауап қайтарып, Британ Парламентінен тез арада «қатені түзетуін» талап еткен. Алайда, ағылшын депутаттары Парламент талқысында Шыңжаңдағы коммунистік режимнің әрекеттерін «ұлттық толықтай немесе жартылай жойып жіберуге бағытталып жатқанын» ашық, айқын айтты. Бұған қоса Шыңжаңдағы этиникалық және діни азшылықтарға жасалып жатқан қысымдарға, қудалау мен зорлық-зомбылыққа жетерлік дәлелдердің бар екенін де қосымшалады.
Британиядан кейін әлемде «Шыңжаңдағы геноцидті мойындайтын» елдердің саны артуы мүмкін. Бұл Батыс пен Қытайдың қарым-қатынасын тіпті де шиеленіске алып бармақ.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес