Бүгін Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда Ким Ир Сеннің 105 жылдығына орай әскери шеру өтіп жатыр.
Ким Ир Сенді еске алу мақсатында өтетін бұл әскери шеру, жыл сайын 15 сәуірде өткізіледі. Ким Ир Сен Солтүстік Кореяның қазіргі басшысы Ким Чен Ынның атасы. Солтүстік Кореяда басты мереке саналатын бұл шараға биыл ресми Пхеньян 200-ден аса шет елдік журналисттерді шақырған.
Бұл күні негізінен Солтүстік Корея өзінің әскери күш қуатын көрсетеді. Ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша, Пхеньян 15 сәуірде ядролық қаруды сынақтан өткізетін. Мысалы: 2016 жылы қысқа қашықтықтағы «Мусудан» баллистикалық зымыранын, 2015 жылы Солтүстік Корея тарихындағы бесінші ядролық зымыранын ұшырған болатын. Шет елдік сарапшылардың болжауынша, биыл алтыншы ядролық зымыран көкке көтерілуі мүмкін.
Бірақ АҚШ, егерде Солтүстік Корея ядролық зымырандарына сынақ жасайтын болса, қару қолданатынын айтқан болатын. Пхеньян АҚШ- тың кез келген әскери арандатуына ядролық шабуылмен жауап береміз деген еді.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер