АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Брюссельге қайталай сапарлады. Бұл сапарында Блинкен ЕО және НАТО одақтастарының конгрестерінде Ресейдің Украина шекарасындағы әскери күшін арттыруы және Ауғанстандағы коалиция операциялары секілді мәселелерді талқылауда. Бұдан үш апта бұрын Блинкен НАТО мүшелерінің СІМ басшылары отырысында Брюссельде болған еді. Сол кездесуде АҚШ өзінің одақтастарымен қарым-қатынасын қайта нығайтып үлгірген.
Мемлекеттік департамент жетекшісінің Брюссель сапарында ел назарын аудартатын кездесулердің бірі Украин СІМ басшысы Дмитро Кулебамен болатын кездесуі. Кеше кешке өткен кездесуде АҚШ пен Укаринаның алдағы қарым-қатынасы жоспарланды десе де болады. Жалпы Украина тақырыбы бойынша НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен дүйсенбі күні кеңінен сөйлескен еді.
Ресейдің шекара маңында әскери белсенділінгі АҚШ бастаған НАТО мүшелерін алаңдатып отыр. АҚШ пен НАТО Ресейдің бұндай әрекеттеріне қарсы ортақ ұстанымға келіп үлгерді. Ал, кеше Столтенберг пен Кулеба арасындағы кездесуде «НАТО мен Украина бірікті» деген мәлімдеме жасалды.
Украин СІМ жетекшісі АҚШ пен НАТО өкілдерімен кездесуде Ресейге батыл талаптарын да қойды. Айталық, Украина шекарасындағы әскери арандату әрекеттерін тоқтатып, қайшылықты дипломатиялық жолмен шешуге келуі тиіс. Бұған қоса Украин Ресей тарабынан болған қандай да бір әскери әрекетке батыл жауап беруге дайын екенін де білдірді.