Грузия өз аумағында АҚШ-пен бірлесіп әскери жаттығу базасын салмақ. Ол үшін Грузия үкіметі 4 миллион доллар қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
«Бұл әскери база Германияда орналасқан АҚШ пен НАТО әскерилері бірлесіп дайындалатын Хохенфельс әскери базасына ұқсас болады» - деді Грузия қорғаныс министрі Леван Изория.
2016 жылдың шілде айында Тблисиде АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Джон Керримен, Грузияның премьер-министрі Георгий Квирикашвили әскери қорғаныс саласында бірлесіп жұмыс жасауға байланысты мемарандумға қол қойған еді.
«Грузияның АҚШ-пен бірлесіп әскери база салуы дегеніміз. Бір жыл бойы Грузия аумағында АҚШ әскерінен бөлек, НАТО-ның да әскери жасақтары болады деген сөз. Ол, Ресей тарапынан Грузияға жасалуы мүмкін арандатушы әрекеттердің алдын алуға көмектеседі» - дейді, Грузиялық әскери-сараптамалық «Арсенал» журналының редакторы Иракли Аладашвили.
Естеріңізге салайық 2008 жылы Ресей қарулы қақтығыс арқылы Грузиядан Оңтүстік Осетия мен Абхазияны бөліп алған болатын. Содан бері Грузия Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген.
“The Qazaq Times”