Германия Денсаулық сақтау министрлігі AstraZeneca вакцинасын жасы 60-тан асқандар ғана қабылдайтын құжатқа қол қойды. Себебі бұл жас тобында екпеден кейін асқынулар байқалмайды.
Аталған компанияның екпесін қолданған соң мұнда тромбоздың 31 дерегі анықталып, 9 адам ажал құшқан. Осыдан кейін Германия вакцинаны тұтастай қабылдаудан бас тартты.
Коронавирусқа қарсы вакцинация Германияда желтоқсанның соңында басталды. Қазір елде Biontech-Pfizer консорциумы әзірлеген вакцина, сондай-ақ Moderna компаниясының екпесі қолданылады.
Жақында Еуропаның бірқатар елдері AstraZeneca екпесін сатып алудан бас тартып отыр. Себебі, «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды. Кейіннен Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі препаратты тексере келе, екеуінің арасыннан байланыс таппағанын мәлімдеді. Сарапшылар мәселе вакцинаның белігілі бір партиясымен байланысты болуы мүмкін деген жорамалды да жоққа шығарды.
AstraZeneca вакцинасын салуды тоқтатып қойған бірінші ел – Дания. Бұл шешім наурыздың басында екпені салдырған бірқатар даниялықта қан ұйықтары анықталған соң қабылданды. Қанында ұйықтар пайда болған азаматтардың бірі екпе салдырғаннан 10 күн өткен соң қайтыс болған. Елдің денсаулық сақтау жөніндегі құзырлы органдары AstraZeneca екпесін қолданудың кемі екі аптаға тоқтағанын, осы уақыт аралығында тіркелген жағдайлардың тергелетінін мәлімдеді. Бірақ мекеме вакцина мен қан ұйықтары арасында байланыс бар деп қорытуға әлі ерте екенін ескертті.
Еуропа вакцинадан біртіндеп бас тартқандықтан, кеше AstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria деп өзгертілді. Бірақ препараттың құрамы еш өзгеріссіз қалды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы