Франция эпидемиологиялық ахуалға байланысты үшінші рет оқшаулау режиміне көшті. Дертті жұқтыру көрсеткіші қауіпті деңгейден асқан он алты аймақта локдаун 1 айға созылмақ.
Жаңа тәртіпке сай азық-түлік пен тұрмысқа аса қажетті заттар сататын дүкендерге ғана жұмыс істеуе рұқсат етілген. Бір аймақтан екінші аймаққа сапарлауға тыйым салынды. Тұрғындарға далаға серуендеп шығуға рұқсат етілгенмен, үйден 10 шақырымнан ұзап шығуға болмайды. Ал жұмыс берушілер қызметкерлерінің көбін қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс. Бірақ мектептер мен балабақшалар жұмыстарын жалғастырады.
Мәліметтер бойынша, Францияда коронавирусқа байланысты күнделікті өсімнің 20 мыңнан түспей тұрғанына жарты ай болған. Сондықтан да билік эпидемиологиялық ахуалы нашар өңірлерде коменданттық сағат енгізіп, шектеу шараларын күшейтті. Парижде әр 12 минут сайын жансақтау бөліміне коронавирус жұқтырған бір науқас түседі. Мамандар мұндай жағдай былтыр қарашадан бері алғаш тіркеліп отырғанын айтады. Париждегі ауруханаларда орын жетіспей, кейбір науқастар ұшақпен көрші өңірлерге жеткізіле бастады. Қазір дәрігерлер биліктен қайтадан жалпыұлттық локдаун енгізуді сұрап отыр.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?