Арменияда 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді. Бұл туралы ел премьер-министрі Никол Пашинян хабарлады.
Үкімет басшысы «Процветающая Армения» оппозициялық фракциясы көшбасшысымен өткен кездесуде осындай келісімге келді. Пашинян мұндай шешім елдегі ахуалды еңсерудің ең тиімді жолы дейді.
Қазір Армениядағы саяси ахуал ушығып тұр. Бас штабтың басшысын тағайындау премьер-министр Николас Пашинян мен президент Армен Саркисян арасында қайшылықтар туындатқан. Оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысы» Саркисянмен кездесуге дайын, бірақ олар Пашинянның отставкасын талап етіп отыр. Қозғалыстың үйлестірушісі Ишхан Сагателян оппозицияның күн тәртібіне сәйкес, Пашинян отставкаға кеткеннен кейін мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізетін Уақытша үкімет құрылсын деген талап қойды.
Өткен аптада Пашинянның Артак Давтянды Армения Қарулы күштері Бас штабының жаңа басшысы етіп тағайындау туралы ұсынысын ел президенті қабылдаудан бас тартты. Содан кейін министрлер кабинетінің басшысы қайтадан осы ұсынысты хат түрінде жолдады. Алайда, Пашиянның бұл ұсынысы да кері қайтарылды.
Елдегі саяси ахуалдың ушығуына Бас штаб басшысының бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Премьер-министр Пашинянның жоғары лауазымды қызметкерді орнынан кетіру туралы ұсынысыны Армения президенті Армен Саркисан мақұлдаған. Енді осыған байланысты қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса үкіметтің де отставкаға кетуін талап етті. Ал Пашинян мұны «әскери төңкеріс» деп атады.