АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметіне қарағанда, Қытай мен Солтүстік Кореяның артып келе жатқан қатері Байден әкімшілігінің шетелдік сапарларын жоспарлауға үлкен әскерін тигізуде.

Бүгін АҚШ мем. хатшысы Антони Блинкен мен қорғаныс министрі Лойд Остин Шығыс Азиядағы одақтастары – Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапарлай бармақ. Олар сапарының мақсаты ретінде одақтас елдермен дипломатиялық және қорғаныс ынтымақтастығын тереңдетуді көздеп отыр. Ал, осы аптада Байден мен Блинкеннің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жейк Салливан Аляскада Қытай делагациясымен кездесетін болады. Жоғарыда атап өткендей, қауіпсіздік мәселесіне байланысты, Блинкен мен Остин ресми кездесуден басқа журналистерді, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесудің бәрін онлайн режимге ауыстырып отыр.

Бұған дейін белгілі болғандай, Байден билігі жұмысының алғашқы апталарында-ақ, Үнді-Тынық мұхитындағы қауіпсіздік мәселесін басты орынға қоятынын, осы аймақтағы Қытайдың ықпалына қарсы шараларды баса назарға ұстайтынын аңғартқан еді. Байден жариялаған «Америка Құрама Штаттары қайта оралды» деген мәлімдеме, бұл аймақтағы ықпалын барған сайын алға жылжытып келе жатқан Қытай, Солтүстік Корея секілді елдердің үкіметтеріне ашық ескерту болғаны шын.

Қазір, Байден үкіметінің шенеуніктері осы аймақтағы одақтас-серіктес елдермен кездесулерде Қытай мен Солтүстік Кореядан келетін қауіп-қатерлерге де бұрынғыдан көрі көбірек көңіл бұруда. АҚШ шенеуніктерінің сенбідегі таратқан мәлімдетіне қарағанда, ақпан айынан бері Байден әкімшілігі түрлі арналарды пайдаланып Солтүстік Кореямен байланыс орнатуға тырысқан. Алайда, Пиоңяң (Солтүстік Корея орталық қаласы/ орысша: Пхеньян) тарабынан еш жауап ала алмаған.

“The Qazaq Times”