Қазақстан өнерінің жаңа тарихында тұңғыш Grammy сыйлығын Павлодар өңірінің тумасы Иманбек Зейкенов қанжығалады.
Әлемдік музыка бағытындағы айтулы сыйлықтардың бірі Grammy («Грэмми») жүлдесінің 63-інші салтанатты марапаттау рәсімі жаһандық пандемия жағдайына байланысты онлайн өтті. Зейкеновтің америкалық рэпер Saint Jhn-ның «Roses» композициясына (2016) арнап 2019 жылы жасаған ремиксі үздіктер қатарында аталды. Осылайша ол Grammy ұтқан алғашқы қазақстандық атанды.
«Ең үздік ремикс» номинациясының жеңімпазы атанған ол видеоэфирде: «Анама, әкеме, командама, менеджер Кирилге рахмет! «Грэммиге» рақмет!», – деп жақындарына алғысын білдірді.
Оның шығармасы «хит» болғанын тректің «Billboard Hot 100» үздік ондығында 4 айдай тұрғанынан байқау қиын емес. Ремикс Apple Music-тің ТОР-10 қатарына кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 млн қаралым жинап, ұзақ уақыт бойы «Яндекс. Музыка» чартында алғашқы орыннан көрінді.
«Әр музыканттың мансап жолындағы ең керемет сәт – Grammy сыйлығын алу. Біз осы жетістікке қол жеткіздік!» деп жазады автор.
Жуырда өнерпаз Imanbek Rita Ora және David Guetta сияқты әлемге әйгілі музыканттармен бірге ән жазған.
Иманбек Зейкенов осыған дейін өзі тұратын Павлодар облысының Ақсу қаласында теміржолшы болып істеген.
Былтыр жазда америкалық New York Times газеті 19 жастағы Imanbek туралы мақала жариялаған.
Grammy деген не?*