Армения парламенті ғимаратының жанында Пашинянның отставкасын талап етуші оппозиция өкілдерінің митингі басталды. Акцияға 3 мыңға жуық адам қатысып жатыр. Жиналғандардың арасында жас та, қарт та бар.

Даңғылға іргелес жатқан көшелерде қоғамдық көліктерге жол жабық. Митинг басталар алдында оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысынң» өкілі, «Дашнакцутюн» партиясының мүшесі Гегам Манукян мәлімдеме жасады. Трибунада орнатылған бағандардан акция басталар алдында Арцах туралы әндер шырқалды (танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының армян атауы).

Парламентке жиналғандарды полиция қоршауға алған. Бірақ олардың саны аз және олар акция өткізуге кедергі келтірмейді.

Таңертең Никол Пашинян Армян Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал Оник Гаспарянды қызметінен босату туралы даулы Жарлықтың күшіне енгенін хабарлады. Ел президенті құжатқа қол қойған жоқ, бірақ ол да Конституциялық сотқа шағымданған жоқ. Гаспарянның өзі отставкасын «Конституцияға қайшы шешім» деп қарсылық білдіріп отыр. Сонымен бірге президент «әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» заңды сотқа тексеруге жіберді. Аталған құжат Бас штаб басшысын тағайындау және қызметінен босату тәртібін анықтайды.

Ал оппозиция өкілдері Гаспарян қызметінде қалып, премьер-министр Пашинянның отставкасын талап етіп отыр.

"The Qazaq Times"