BASE JUMPING – биік таулардан, құздардан, жартастардан секіретін экстремалды парашют спортының бір түрі. Бэйсджампингте арнайы жабдықталған 40 метр және одан да төмен биіктіктерде ашылатын парашюттер мен еркін құлаудың уақытын ұзартып және белгілі бір бағытқа бұрып, қайта көтерілуге арналған қанат қолданылады. Бұл экстрималды спорт түрін ойлап тапқан – кинорежиссер Карл Боениша мен әйелі Джина болатын. Ал адамзат тарихындағы алғашқы бэйсджамперлер - Фил Смитт пен Фил Мэйфилд.
1978 жылы бұл спорт түрі парашютшы-каскадерлер орындайтын трюк ретінде қарастырылған. Бүгінде экстремалды спорт ретінде танылып әлемде көптеген жанкүйерлердің қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар командалық түрлері де пайда болды. Ауада еркін құлау көбіне экшн фильмдерде көп қолданылады. Мысалы, ХХХ пен Лара Крофт секілді фильмдерде осы спорттың элементтері көптеп қолданылған.
BASE JUMPING қауіптілік деңгейі адамның дайындығына тікелей байланысты. Бұл тек физикалық дайындықпен шектелмеуі тиіс, психологиялық және аэродинамика, ара райы мен атмосфера қысымын ескере отырып парашюттың ашылуы мен оны реттеп орналастырудан бастап әрбір ұсақ-түйек ескеріледі.
Бұл спорттың басқаларға қарағандағы ерекшелігі және қауіптілігі – тек бір ғана парашют болатындығында, яғни ол ашылмай қалса, басқа сенетін ешнәрсе жоқ деген сөз.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі