Ратификациялау процесі шамамен үш жылға созылған Армения мен Еуропалық одақ арасындағы жан-жақты және кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойылды. 2017 жылғы 24 қарашада қол қойылған құжаттың ережелері 1 наурыздан бастап күшіне енеді.
Армения СІМ ратификациялау процесінің аяқталуына қатысты мәлімдемеде аталған келісім Армения мен Еуроодақ арасындағы екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Құжат саяси және экономикалық салалардағы жан-жақты диалогты реттейді.
Арменияның сыртқы саяси ведомствосының мәліметінше, тараптар алдағы уақытта түрлі салалардағы, атап айтқанда, Сот төрелігі, қауіпсіздік, экономика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық орнатады.
СІМ хабарламасында: «Келісімді тиімді орындау Армения азаматтарына елеулі нәтижелер әкеледі. Жаңа реформалар демократияны, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді, уақыт өте келе азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейіне әсер етеді», –делінген.
Құжатта сондай-ақ Таулы Қарабақ қақтығысын бейбіт жолмен реттеу қарастырылады. Осыған байланысты ЕО-ның ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары қатыстырылмақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті