Қытай үкіметі Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға геноцид жасалды деген айыпты терістеді. Бейжің билігі Шыңдаңдағы ұйғыр және өзге де аз санды ұлттар діни наным-сенім бостандығынан шектелген жоқ деп мәлімдеді. Бұндай мәлімдемені Қытай СІМ басшысы Уаң И жасаған.
Қытай ресмиі аталған мәлімдемені кеше, 22 ақпан күні өткен БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің жиынында жасаған. Оның сөзінше Бейжің билігі Шыңжаңдағы этникалық азшылықтардың ұлттық, діни және адам құқығын шектеп отырған жоқ.
Алайда, Қытай сыртқы істер министрі мұндай мәлімдеме жасаудан бұрын Британия, Канада және Германия Сыртқы істер министрліктері тарапынан Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы саясатын айыптаған мәлімдемелер жасалған болатын. Уаң Идың мәлімдемесі оларға қарсы жауап ретінде жасалғаны белгілі. Қытай үкіметі Шыңжаңдағы режимдік зорлық-зомбылық әрекеттерін жоққа шығаруға тырысқанымен, саяси лагерлер аталып үлгірген «тәрбиелеу орталықтарындағы» аз санды ұлттарға жасалған қинау, жазалау туралы мәліметтер көбірек тарап кеткен.
Айта кетейік, Қытай СІМ басшысының мәлімдемесімен бір уақытта Канада үкіметі де коммунистік Қытай билігінің Шыңжаңдағы әрекетін геноцид деп танитын шешімін жария етті.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер