Иран ядролық нысандарына Біріккен ұлттар ұйымының инспекторларын жіберу құқығының мерзімін тағы 3 айға ұзартуға келісті. Мәміле 23 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Өткен аптада Теһран 23 ақпанға дейін АҚШ санкция күшін жоймаса, МАГАТЭ бақылаушыларын Ирандағы атом нысандарына кіргізбейтінін айтқан. АҚШ пен ядролық келісімге қол қойған Еуропа елдері Иранды бұл қадамнан бас тартуға шақырып, Тегеранның уран байыту туралы жақындағы мәлімдемесіне алаңдаушылық білдірген.
Былтыр жыл соңына дейін Иран парламенті атом бағдарламасын дамытуды жеделдету туралы заң қабылдаған болатын. Аталған құжат бойынша АҚШ бұрын салған санкцияларының күшін жоймаған жағдайда ядролық нысандарына халықаралық бақылаушыларды жібермеуі керек еді. Бірақ МАГАТЭ-нің Тегеранға барып, арнайы келіссөз жүргізуі бұрынғы келісімді мамырдың аяғына дейін ұзартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, былтыр 14 қаңтарда Германия, Франция және Ұлыбритания СІМ басшылары Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірқатар мәміле жүргізген. АҚШ ядролық келісімнен шыққан соң, Еуропа елдері мен Иран арасында бірқатар мәселелер орын алған. Олардың қатарында Ормуз бұғазында британиялық кеменің ұсталуы және Ұлыбританияның Иранға қарсы санкциялар пакетін енгізуі бар. Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Иранға қарсы санкциялық қысымды азайтуды немесе Ислам Республикасы халқының жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беретін жолдарды қарастыруды ұсынған. Алайда, ол үшін Иран ядролық келісім шарттарын толықтай орындауы қажет.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) сарапшылары Иранның 2015 жылдан бері алғаш рет белгіленген межеден артық уран қорын байыта бастағанын хабарлады. ВВС мәліметінше, Еуроодақ елдері Иранның аз байытылған уран қорларының 300 килограмдық шегінен асып кетпеуін қадағалау жөнінде келіскен. Себебі, аталған меже БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүше елдері, Германия және Иран арасындағы келісімде қарастырылған. Еуропалық дипломаттар осы мәселеге қатысты: «Иран келісімді сақтаған жағдайда біз де келісімге сай әрекет ететін боламыз. Біздің тарап шарт талаптарын бұзған емес, болашақта да солай болмақ. Бірақ, Иран да келісімді қатаң сақтауға міндетті», – деген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді