Бір топ көпбалалы әйел мәслихат депутаты Ермахан Ирбаимовты іздеп Алматы әкімдігіне барды. Олар экс-спортшы, бүгінде шенеунікке айналған Ибраимовтың «көп балалы әйелдер туралы айтқанын» түсіндіруді талап етті.

Көпбалалы әйелдерді ашындырған да, әкімдікке баруына мәжбүрлеген де – Ермахан Ибраимовтың жария пікірінде. Ол журналист Нартай Аралбайұлына 20 ақпанда Youtube-те берген сұхбатында алдыңғы жылғы ақпан-тоқпанда, биыл Жаңатас кентінде өрттен қаза тапқан бес баланың ата-анасын «көргенсіз» деп сөккен.

Осы уақытқа дейін азаматтық қоғамның белсенділігіне ашық наразылық танытып аты шыққан Ибраимов 2019 жылы астана іргесіндегі елді мекенде ата-анасы жұмысқа кетіп, бес бірдей перзенті қайғылы оқиғадан қайтыс болуына байланысты пікір білдірген.

«Бес баланы сыртынын жауып кетіп қалу, ол нағыз… Айтады ғой, түк көрмегендік», – деген.

;feature=share&fbclid=IwAR2rvbulOO4PS7ivBOCmXlartK9Q5fFmlTK0k6K1qiU4u_2Ghov2XVRjQAs

Әкімдікке барған аналардың бірі:

«Жылы кабинетте отыра бермей, «түк көрмегендердің» жағдайын көзімен көрсін. Мұндай жағдайдан шығу үшін не істеу керек екенін өз ауызымен айтсын. Балаларды үйге қамап, не үшін шығып жүргенімізді көрсін. 60-70 мың теңге жалақы табуға жағдайы жоқтықтан шығып жүргенін көрсін», – дейді Іңкәр Жанәділқызы.

Аналар Ибраимовты халықпен кездесуге шақырды. Бастапқыда әкімдіктен ешкім шыққан жоқ. Сәлден кейін Алматы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров шығып, аналардың арыз-шағымын тыңдады. «Ибраимовпен түстен кейін кездесуге болатынын» айтты. Азаматтық қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар тарапынан «басбұзар-депутат» атанып кеткен Ибраимов бүгін түсте Абылай хан және Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан Нұр Отан партиясының ғимаратында кездесу өткізетіні хабарланды.

Өткен жұмада қоғам қабырғасына батқан бес баланың бақұлдығы  Жамбыл облысында тағы қайталанды. Жаңатас қаласында бір отбасының бес бірдей баласы өрт салдарынан қайтыс болған. Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Тоқаев бұл оқиғаны «ел басына түскен трагедия» деп атаған.

"The Qazaq Times"