Сенбі күні таратқан Ақ үй мәлімдемесіне қарағанда, осы аптада Байден алғаш рет «Үлкен жетілік» (G7) құрамындағы лидерлермен виртуалды кездесу өткізеді. Кездесуде COVID-19 пандемиясы, әлемдік экономика және жалпы Қытаймен қарым-қатынас туралы талқыланады деп күтілуде.
Ақ үй мәлімдемесінде: «Әлемдегі демократиялық нарықтық экономикалардың жетекшілерімен виртуалды кеңес президент Байденге жаңа коронавирус пандемиясын жеңу мкен жаһандық экономиканы қалпына келтіру жоспарларын талқылауға мүмкіндік береді», – деген. Ақ үй мәлімдемесіне қарағанда, Байден «Үлкен жеті» құрамындағы елдердің басшыларымен пандемияға қарсы күрес және оның салдарларынан болатын экономикалық проблемаларды, сондай-ақ вакцина мәселелерін талқыламақ.
Байден Ақ үй билігін қолына алғаннан кейін Құрама Штаттардың әлем елдерімен диалогын жандандыруға күш салғаны байқалады. Оның алғашқы бұйрықтарынан кейін Құрама Штаттар Париж келісіміне және ДДСҰ-ға қайтып оралды. Соған қоса, шиеленісті Қытаймен қарым-қатынаста климат өзгерістері, пандемия секілді ортақ мәселелерде ынтымақтастық орнататынын жеткізді. Бірақ, бұл оның Трамп кезіндегі Қытайға бағытталған экномикалық саясаттан түбегейлі бас тартатынын білдірмейді.
Алдағы «Үлкен жетілік» кеңесінен кейін әлемнің, анықтап айтқанда АҚШ пен оның бірқатар одақтастарының Қытайға деген ұстанымдары анық болмақ. Ақ үй бұл турасында: «Президент Байден сонымен қатар біздің ұжымдық бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру үшін инвестициялау қажеттілігі туралы және Қытайдан туындайтын экономикалық қиындықтарға жауап беру үшін жаһандық ережелерді жаңартудың маңыздылығын талқылайды», – деген болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі