Жапонияда «Pfizer» вакцинасын қолдануға рұқсат берілді. Осылайша бұл препарат билік тарапынан мақұлданған алғашқы вакцина атанды.

Өткен аптада Жапония «Pfizer» компаниясының Бельгиядағы кәсіпорнынан 400 мың дозаны алған болатын. Енді осы аптадан бастап аталған препарат Токио тұрғындарына салына бастайды. Ең бірінші болып оны 20-ға жуық медицина қызметкері қабылдайды. Ал қалған азаматтарға препарат маусымда егіледі.

Әлемде сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар. Тиімділігі жоғары екпе анықталған күн «адамзат пен ғылым үшін ұлы күн» деп бағаланды. Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан артық оң нәтиже көрсеткен.

Ғылыми зерттеу жұмысына әлемнің 6 елінен 43 мың 500 ерікті қатысқан. Мамандар препараттың бір де бір жанама әсер бермегенін сеніммен айтып отыр. Зерттеу жұмыстарына АҚШ, Германия, Бразилия, Оңтүстік Африка, Аргентина мен Түркия елдерінен шамамен 43 мыңнан астам адам қатысқан. Еріктілерге препараттың екі дозасы егілген. Шілдеде басталған клиникалық сынақ қорытындысы бойынша екінші рет егілген екпеден кейін 7 күн өтісімен адам ағзасындағы коронавирусқа қарсы қорғаныс 90% болды. Сөйтіп бұл – жаппай сынақтан сәтті өткен алғашқы екпе.

Компания Ұлыбританияға 30 млн, АҚШ-қа 100 млн және Жапонияға 120 млн доза жолдау туралы келісімге келген.

Вирусты емдеуде тиімділігі жоғары болған екінші вакцина – америкалық Мoderna. Тиімділігі – 94,5%. Екпенің сынағына 30 мың ерікті қатысқан. Солардың 95-і вирус жұқтырған. Көбінде ауру жеңіл не орташа ауыр формада өткен. Тиісті жаңалық бірден қор нарығына әсер етті. Сөйтіп Moderna акциялары 18%-ға қымбаттаған.

Мoderna екпесінің Pfizer-ден басты айырмашылығы – екпені өте суық тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Moderna вакцинасы 2-8 градус температурада 30 күндей, ал -20 градуста алты айдай сақталады. Ал Pfizer вакцинасын сақтау үшін -70 градус температура қажет. Аталған екпенің сынағына екпесінің сынағаны 30 мыңдай адам қатысқан. Компанияның мәлімдеуінше, сынақ кезінде вакцина Covid дертінің ауыр түрінен де қорғайтыны анықталған.

"The Qazaq Times"