31 қаңтар, жексенбі күні Ресейдің жер-жеріндегі Навалный жақтастарының наразылық акциясында 3 мыңға жуық адам ұсталды. Навалныйдың босатылуын талап еткен екінші наразылық шараларында да Ресей полициясы күш қолданды.

Путин мен оның айналасындағы билік өкілдерін ашық сынап келген Алексей Навалный Германиядан Ресейге қайтап барған күні полиция қолға алған. Оның Путин үкіметінің жемқорлығын ашып көрсеткен «Путиннің хансарайы» видео жазбасын әлеуметтік желіде қысқа уақыттың ішінде 100 миллионнан ретте аса көрілім жинады. Оның босатылуын талап еткен бірінші реткі наразылық шарасы 23 қаңтар күні өткен болатын. Онда да наразылық күшпен басылып, полиция ел көлемінен 4 мыңнан астам адамды ұстап әкеткен.

31 қаңтардағы наразылықта Сібір мен Қиыр-Шығыс тағы да белсенділік танытты. Екі қаладан шамамен 300-ден астам адам ұсталғанын Навалныйдың жақтастары хабарлады.  Ресейлік белсенділер өздерінің әлеуметтік желі парақшаларында наразылық басталмай жатып, полицияның қудалауына ұшырағандарын жазған болатын.

Навалный жақтастарының наразылық шарасында полицияның күш қолдануы Батыс елдері жағынан қатты сынға алынуда. АҚШ пен Еуропаның бірқатар елдері Навалныйдың босатылуын да талап еткен болатын. Еуропалық Одақ Навалный босатылмаса қосымша санкция салатынын да айтқан болатын.

“The Qazaq Times”