Аустарлия Қорғаныс министрлігі елдің Әскери-теңіз күштерін күшейтпек. «Қысқа мерзім ішінде теңіз флотының күшін арттыру Аустралияның көз алдағы қорғаныс стратегиясының маңызды бөлегі» деп мәлімдеді Аустралия қорғаныс министрі Линда Рейнольдс. Бұл туралы Аустралия Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып, The Australian баслымы хабарлады.
Лейнольдс ханымның айтуынша флоттың қуатын арттыруда алыс аралыққа атылатын зымырандар мен зымыран шабуылдарына қарсы қорғанысты күшейту көзделген. Әскери-теңіз күштерінің қуатын арттыру үшін бір миллиард доллар көлемінде инвестиция салынатынбақ.
Аустралия Қорғаныс министрлігі бұған дейін әскери теңіз күштерінің су асты соғысындағы қабілетін арттыру, барлау мен шабуылдарға тойтарыс беру мүмкіндігін жоғарлату үшін қаржы бөлген болатын. «Бұл әрекеттер аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейді», – деді Лейнольдс ханым мәлімдемесінде.
Қазір Үнді-Тынық мұхиты аймағы халықаралық жаңа ойындардың алаңына айналу үстінде. Қытайдың өсіп келе жатқан әскери мүмкіндіктері екі мұхиттағы елдердің алаңдаушылығын күшейтті. Құрама Штаттар да өңірдегі одақтастары мен серіктерін Қытайдың артып келе жатқан әскери қатеріне қарсы күресуге жұмылдыру үстінде.