Кеше Ресейдің оншақты қаласын қамтыған оппзициялық саясаткер Алексей Навальныйды босатуды талап еткен наразылық шарасында 2,1 мыңнан астам адам ұсталғаны хабарланды. 17 қаңтарда Германиядан оралған оппзициялық саясаткер Алексей Навальныйдың қамалуына байланысты Ресейдың ондаған қаласында наразылық акциясы жалғасып жатыр.
23 қаңтарда Навальныйды қолдап Мәскеуде 40 мың адам, Ал басқа аймақтарда да неше онмыңдаған адам наразылық акциясына қатысқан.
Күштік құрлымдар жаппай ұстауға күш салып жатыр. Ұсталғандардың арасында Навальныйдың серіктері. ФБК өкілдері мен жұбайы Юлия Навальная да бар.
Ереуіл Мәскеу, Санкт-Петербург, Краснаярск, Хабаровск, Омбы, Томбы, Екатеринбург, Якутск және т.б қалаларда өтті. Полиция көшеге шыққандарды ұстап автозакқа қамап жатыр. Арнайы полиция жасағы кей өңірлерде алаңға шыққандарды соққыға жықса, Мәскеуде көшеде кетіп бара жатқанда адамдарды да ұстаған.
Якутск секілді солтүстік өңірлердің өзінде де 50 градустық суыққа қарамай Навальниды қолдап шыққан тұрғындарды полйцияның қамап жатқаны айтылуда. Алексей Навальныйдың жақтастары қамаудағы саясаткерді қолдауға шақыратын келісілмеген акция өткізуге шақырған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті