Байден үкіметі 5 ақпанда мерзімі бітетін АҚШ-Ресей арасындағы ядролық келісімді алғашқы адымда тағы 5 жылға ұзарта тұруды ұсынбақ. 21 қаңтар бейсенбі күнгі Байден үкіметінің өкілдері осындай мәлімдеме таратты.
Ақ үй ресмилерінің мәліметінде, Байденнің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жейк Салливан бұл ұсынысты Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатоли Антоновқа бейсенбі күні түстен кейін жасаған.
Сарапшылардың пікірінше, бұл ұсыныс Ресей мен АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары үшін қабылдауға жеңіл. Ал, осымен бір күнде НАТО бас хатшысы Йенс Столтонберг те мәлімдеме жасап, АҚШ пен Ресей келісімді тіпті де кеңейте түсуі керек екенін айтқан. Ол Брюссельде журналистерге берген жауабында: «Біз ядролық оқ тұмсықтарға шектеу қоятын күйге түспеуіміз керек. Ал, «Стратегиялық қаруды қысқарту туралы жаңа келісім» бірнеше күннен кейін аяқталады», – деген. Оның айтуынша бұл келісім соңғы емес, алда қару-жарақты қадағалаудың жаһандық келісіміне қол жеткізу үшін күш салу керек.
АҚШ пен Ресей арасындағы аталған ядролық қаруларға қатысты келісім 2010 жылы экс-президенттер Обама мен Медветовтің қол қоюымен жасалған болатын. Шартқа сәйкес екі елдің орналастырған белсенділікке ие ядролық оқ тұмсықтарының саны 1150-ден аспауы керек болған. Алайда, президент Трамп бұл келісімді «Құрама Штаттарды қолайсыз жағдайға қалдырды» деп сынға алған еді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді