Facebook пен Instagram Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі 59 аккаунтты жойды. Аккаунттар 2019 жыл билікке қарсы өткен наразылықтар кезінде мақсатты түрде ашылған.
Facebook хабарламасында: «Біз 31 есептік жазбаны және бір топты, сондай-ақ Қазақстанның ішкі аудиториясы үшін құрылған Instagram-дағы 28 есептік жазбаны жойдық. Тергеу барысында жойылған аккаунттардың Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ экстремизмге қарсы күрес бөлімімен байланысты екені анықталды. Бұл желі 2019-2020 жылдары Қазақстандағы наразылықтар кезінде құрылған және оқырмандары жоқ», – делінген.
Соңғы үш жылда Facebook әкімшілігі аккаунттарға мониторинг жүргізе бастаған. Мониторинг мемлекеттік емес сектор өкілдеріне, шетелдік және мемлекеттік субъектілердің аккаунттарына да әсер етеді.
Ақылы комментаторлардың оппозиция мен белсенділерге интернетте «шабуыл» жасауы Қазақстан үшін қалыпты жағдайға айналған. Елді 30 жылға жуық басқарып, саясаттағы үстемдігін сақтап қалған Н.Назарбаев пен оның партиясына ортақ құбылыс – «нұрботтар» ретінде белгілі. Олар әлеуметтік желіде фейк аккаунттармен шенеуніктердің мәлімдемелеріне пікір жазып, тұңғыш президент пен үкімет жобалары жайлы мақтау айтып, қажет болса билікті сынағандарға қарсы шабуыл жасайды. Митинг, наразылық шерулері кезінде де осы тектес арандатушылар биліктің сойылын соға сөйлейді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы