Жапония коронавирустың күшеюіне байланысты Токиода және көршілес үш префектурада төтенше жағдай жариялады. Үкімет шешімі 8 қаңтарда күшіне еніп, қатаң режим 7 ақпанға дейін жалғасады.
Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга мәлімдемесінде:
«Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус шамадан тыс өршіп кетті. Бүгін бір ғана Токиода 2400 адам індетке шалдыққан. Мейрамханаларға өте қиын деп ойлаймын. Сондықтан оларға ай сайын 17 мың 300 доллардан көмек береміз. Олимпиаданы өткізе аламыз деп сенемін. Себебі әлемде екпе салына бастады. Біз Жапонияда вакциналауды ақпанның соңында қолға аламыз», – дейді.
Енді 9 қаңтардан бастап Сайтама, Канагава және Тиба аймақтарында мейрамханалар мен шарапханалар кешкі 20.00-де жабылып, көшеде себепсіз жүруге және көп адам болып жиналуға тыйым салынды.
Қазір Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 260 мыңға жеткен. Қайтыс болғандар саны – 3 609 адам.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?