The Qazaq Times-тың сайлауға байланысты арнайы сұхбат сериясында сайлауға түсіп жатқан партиялардың тізбегін "Адал" партиясының өкілі, журналист Мақсат Толықбай қорытындылады.
Сайлаудың әділ өтуі мен азаматтық қоғам пікірі туралы сұрақтарға жауап берген "Адал" өкілі кезекті сайлауда үміт те, күдік те басым екенін ашық айтты. Бұдан бөлек, "Адал" партиясының партиялар арасына әкелген жаңалығы, байкотшылар тақырыбы, елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталған бағдарламалары турасындағы сыный сұрақтарға жауап берді.
Осы және өзге де тақырыптарды сұхбат барысынан көре аласыздар. Арнамызға жазылып, тәуелсіз басылымға қолдау көрсетулеріңізді өтінеміз!