Германияда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде халықтың 65%-ы екпе салдыртуға дайын екенін айтқан.
Бірінші болып Хальберштадт қаласының қарттар үйінде тұратын 101 жастағы тұрғынға вакцина егілді. Кейіннен мұндағы 40 қария мен 11 қызметкерге вакцина жасалған.
Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның мәлімдеуінше, үкімет жылдың аяғына дейін елдің 16 өңірінде бір миллион 300 мыңнан астам адамға вакцина егуді көздеп отыр.
Вируспен күресу мақсатында вакцинациялау Германиямен қатар Словакияда да басталды. Алдымен елге танымал инфекционист өзіне екпе салды. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне екпе жасалып жатыр. Словакияға Pfizer компаниясы шығарған вакцинаның 10 мың дана мөлшерінде бірінші партиясы жеткізілді. Жалпы 3 миллионнан аса адамға екпе салу көзделіп отыр.
Әлем бойынша сынақтан сәтті өткен Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесін салуды бастаған елдер қатарында Ұлыбритания, АҚШ және Канада бар.
Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен. Ал Оскфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы вакцина 70% тиімділік көрсетті.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр