The Qazaq Times өзінің сұхбат жобасын кеңейтіп, алдағы сайлауға байланысты саяси додаға түсіп жатқан партия өкілдерінің сұхбат сериясын ұсынады. Алғашқы қонақ ретінде "Қазақстан Халық партиясы" (бұрынғы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы) өкілі Ғазиз Зейнелғабиденұлы қатысты.
ҚХП мүшесі сайлауалды бағдарламасы мен партиядағы модернизация, сондай-ақ сайлау процестері туралы пікірін бөлісті. Жуырда ребрэндингтен өткен саяси ұйымның электорат алдындағы мақсат-міндеттемелері мен қалыптасқан жағдай туралы көзқарасын ортаға салды. Бұған қоса, социалистік және солшыл идяны ұстанған ҚХП азаматтық қоғамды дамытуға арналған жоспарларын да айтып өтті. Аталған партия және сайлауға қатысты өзге де пікірлерді сұхбат барысынан біле аласыздар.
Арнамызға жазылып, лайк басып, бөлісіп тәуелсіз ақпарат құралымызға қолдау көрсете кетуді ұмытпаңыздар!