АҚШ Ұлттық барлау департаменті, ФБР, инфрақұрылымдық және киберқауіпсіздік агенттігі федералды үкіметтің компьютерлік желілеріне қатты шабуыл жасағанын хабарлады.
Мемлекеттік хатшы Майк Помпео да кибершабуылдарға Мәскеудің қатысы бар екенін айтты. Ал президент Дональд Трамп бұл жағдайға Қытайдың қатысы болуы да мүмкін дейді.
Осыған байланысты АҚШ сенаторлары мемлекеттік органдарға жасалған кибершабуылға байланысты Уашингтоннан Мәскеуге қарсы шара қабылдауды талап етті.
Республикалық партия өкілі, сенатор Митт Ромни (Юта штаты) CNN телеарнасына: «Бұл біздің киберкеңістікке қарсы жасалған шабуылдың бір түрі. Ресей АҚШ-тың энергиямен жабдықтау және коммуникацияларына, мемлекеттік органдарына қауіп тудырды. Біздің тарап Ресейге қарсы шара қабылдауы тиіс», – деп мәлімдеді.
Республикалық партия өкілі, сенатор Марко Рубио Twitter-де: «Америка Ресейге жауап беруі керек, бірақ санкциялармен ғана емес. Біздің жауабымыз пропорционалды болуы керек. Осылайша, қауіптің алдын аламыз», – деп жазды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков барлық айыптарды жоққа шығарды. Сонымен қатар ол Владимир Путиннің Американы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы серіктестік туралы келісім жасасуды ұсынғанын еске салды. Песковтың пікірінше, «ортақ келісім екі елге кез келген киберқылмыс, кибершабуылдарға қарсы тұруға мүмкіндік береді».

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы