Кеше Италия президенті Серджо Маттарелла Мәскеуге ресми сапарымен келді деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Маттарелла Ресейде 10 мен 13 сәуір аралығында болады. Ал РФ президенті Владимир Путинмен кездесу 11 сәуірге жоспарланып отыр. Екі ел басшылары Ресей мен Италия арасындағы саяси-экономикалық байланыстар мен халықаралық аренадағы күрмеуі шешілмеген мәселелерді талқылау мақсатында кездесіп отыр деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.
Маттарелла елдегі ресми сапарында примьер-министр Дмитрий Медведевпен және всея Руси Кириллмен де кездесуді жоспарлап отыр. 11 сәуір күні Медведев пен Маттарелла энергетика саласындағы бірлескен жобаларды, өндіріс пен транспорт мәселелері бойынша ақылдаспақ.
Италия президенті Ресейге Владимир Путиннің ресми шақыртуымен келген болатын.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр