Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Байденмен Түркия-АҚШ қатынасын қайталай ақылдасатынын айтты. Мұндай мәлімдемені түрік президенті Әзербайжан сапары қарсаңында жасаған.
Әзербайжан сапары басталар алдында президент Ердоған АҚШ-тағы президент сайлауында демократтардың жеңімпазы Жо Байден туралы пікір білдірген. Оның айтуынша Байден оған бейтаныс адам емес, Обама тұсынан бері бірнеше рет кездесіп, екі елдің қарым-қатынасын дамыту туралы кеңескен.
Президент Ердоған мәлімдемесінде Жо Байден тұсында Түркия-АҚШ қатынасы жаңа бағытта дамуы мүмкін екенін білдірген. «Түркия НАТО-ның бес ірі мүшесінің бірі, ұйымдағы орнымызды өздері де мойындайды. Өкінішке орай, АҚШ біздің қару-жарақ сатып алу бойынша дербес әрекеттерімізді сынап келеді. Бұл бізге ұнамайды. Әсіресе, АҚШ-тың Сүрияның солтүстігі мен Ефрат өзенінің шығысындағы әрекеттері мен ұстанымдары дұрыс емес», – деген президент Ердоған.
Ол сондай-ақ: «Байден алдымен президент міндетін қабылдап алсын, сосын біз онымен отырып кейбір мәселелер турасында сөйлесетін боламыз», – деген. Ердоған бұл мәлімдемелері арқылы Құрама Штаттармен кейбір мәселелер бойынша диалогқа мүдделі екенін аңғартты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі