Бейжіңнің құзырлы органдары қала тұрғындарының шетелдік тыңшылар жайлы кез-келген ақпараты үшін 72 мың доллар сыйақы ұсынып отыр.
Бейжіңдегі Мемлекеттік қауіпсіздік муниципалды бюросында тұрғындардан келетін тыңшылар жайлы ақпараттарға арналған арнайы байланыс желісі іске қосылып, келіп түскен ақпараттардың маңыздылығына қарай арнайы ақшалай сыйақы тағайындалған. Келіп түскен ақпарат дәлелденсе, ақпарат беруші 72 мың долларға дейінгі сыйақының иесі атана алады.
Осы мәселемен айналысатын арнайы комитет өкілдернің айтуынша: «Бейжің – мемлекттік құпия ақпараттарды ұрлау, мемлекетаралық жаңжалдарды ұйымдастыру сонымен қатар, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіруге байланысты шетелдік тыңшылар мен арнайы агенттердің негізгі нысаны болып табылады. Сол себепті де осындай шараларды ұйымдастыру аса маңызды болып отыр».
South China Morning Post агенттігінің хабарлауыша, осы секілді арнайы байланыс желісін ұйымдастыру Қытайда 2 жыл бұрын қолға алынған болатын.
“The qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау