Беларусь билігінің саясатына қарсы наразылық шерулері үш айдан бері жалғасып келеді. Жексенбіде Минск орталығында өткен санкцияланбаған «Демократия шеруі» кезінде полиция белсенділерді күшпен ұстады.
Тut.by сайтының хабарлауынша, Минскінің әр аудандарында өткен шеруде 1000-нан астам адам ұсталған.
7 қарашада елде медицина қызметкерлерінің Лукашенкоға қарсы наразылық жиыны өткен. Полиция ондаған медицина қызметкерін қамауға алды. Ресмимәліметтер бойынша, 60-қа жуық дәрігер мен денсаулық саласының басқа қызметкері қамалып, полиция бөлімшелеріне жеткізілген.
Сайлаудан соң өзіне және отбасына қауіп төнгендіктен, Литваға кетіп қалған оппозиция жетекшісі Светлана Тихановская наразылығын білдіріп, батылдық танытқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді және пандемия тұсында денсаулық саласы мамандарына қысым жасап жатқан билікті сынға алды.
Өткен аптада ЕҚЫҰ құрамындағы мемлекеттер Александр Лукашенкодан әділ сайлау өткізуді талап етіп, арнайы есеп жариялаған. ЕҚЫҰ-ның баяндамаларында Беларусь билігі «адам құқықтарын таптап, сөз бостандығын шектеді» делінген. Ұйымның есебі 17 мемлекеттің өтініші бойынша әзірленген. Құжатта 700 шақты дәлел, айғақ келтіріледі. Осыған дейін Минск құжатты әзірлеуге атсалысудан бас тартқан.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялады. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Лукашенконың отставкасын талап еткен наразылық шаралары елдің түрлі қалаларында жалғасып жатыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі