Кеше Беларусьте жалпыхалықтық ультиматумның мерзімі аяқталып, билікке қарсы жаппай ереуіл басталған. Әдеттегідей, ел билігі бүкілхалықтық ереуілге шыққандарды күшпен таратуға барын салды.
Tut.by порталының хабарлауынша, бірнеше сағат ішінде 250-ден астам адам ұсталған. Тәуелсіздік алаңында наразылық білдірушілер тобы құрылып, содан кейін Октябрь алаңына бет алған. Осы кезде қауіпсіздік күштері бірнеше адамды ұстап, наразылық білдірушілерді күшпен таратты.
Құқық қорғаушылар тізімінде 254 адамның аты-жөні жазылған. Тізім әлі де толықтырылып жатыр. Тергеуе алынғандардың көпшілігі Минск, Гродно, Брест, Новополоцк пен Борисовта көп.
Ұсталғандар арасында оппозицияның бүкілхалықтық ереуілге шақыруын қолдайтын жетекші метрополия университеттерінің студенттері бар.
25 қазанда Минскте және басқа да қалаларда «Халықтық ультиматум» шеруі өтті. Бұл – екі айға созыған барлық наразылық акциялары кезеңінде Беларусь астанасындағы ең ауқымды шерудердің бірі.
Жергілікті басылымдарға сұхбат берген Тихановская: «Бүгін режим қолынан күш қолдану ғана келетінін тағы бір рет дәлелдеді. Алайда көпке және перзентхана терезесінің түбіне құлақ тұндыратын граната лақтыру – күш емес. Режим шындықты айтып, өз сөзіне жауап беруге және адамдардың талаптарын орындауға дайын емес. Демек, бұл режим белорус халқына лайық емес», – деп мәлімдеді.
Беларусьтегі наразылық шерулеріне екі айдан астам уақыт өтті. 9 тамызда өткен президенттік сайлауда ОСК Александр Лукашенконың 80% -дан астам, ал Светлана Тихановская 10%-дан сәл артық дауыс жинағанын жариялаған. Кейіннен Беларусь оппозиция өкілдері сайлау нәтижесін жойып, қайтадан сайлау өткізуді талап етті. Ресми мәліметпен келіспеген халық та жаппай наразылық акциясына шықты, ал билік оларды аяусыз басумен болды. Беларусьтегі «демократия жолындағы күрес» әлі де жалғасып келеді.