Германияның әскери-әуе күштері НАТО серіктестерімен бірге атом соғысының сценарийін ұсынатын құпия шараға қатысады. Бұл туралы DPA агенттігі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, осы аптада «Steadfast Noon» деп аталатын әскери жаттығу басталады. Жаттығу кезінде ядролық қаруды алып жүруге қабілетті ұшақтарды қолдану тәжірибесі жасалады.
Биылғы жаттығулар Германияның батысындағы Норфенич (Солтүстік Рейн-Вестфалия) ауылындағы авиабазада өтіп жатыр. Әдетте шараны НАТО күзде ұйымдастыратын.
Сонымен бірге Бухельде (Рейнланд-Пфальц) «Төзімділікті күзет» жаттығуы өтіп жатыр. Бұл шара барысында Германияның әскери-әуе күштері ықтимал қарсыластың шабуылына байланысты қорғаныс қимылдарының арнайы сценарийлерін ұйымдастырады. Бюхель маңындағы базада В61 типіндегі 20-ға дейін америкалық ядролық қарулар сақталған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел