Бір Атырау өңірінде биыл қаңтар және қыркүйек айларының аралығында өндіріс барысында жазатайым оқиғалардан сегіз адам қаза тапты. Былтыр қазақстандықтардың жалақысын шетелдік жұмысшыларға қарағанда кем төлеуге қатысты 109 жағдай тіркелген.
Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, жыл басынан бері болған барлық 18 жазатайым оқиғадан 13 адам ауыр жарақат алған.
Бас еңбек инспекторы жалақы, еңбек шарттары, заңсыз жұмыстан босату және т.б. мәселелер бойынша мыңнан астам өтініш келіп түскенін хабарлаған. Нәтижесінде 403 адамның конституциялық құқығы қорғалыпты.
– Тексеру нәтижесінде 46 азаматқа 4,7 млн теңге жалақысы қайтарылды. Пандемияға байланысты ауқымды тексеру жүргізуге мүмкіндік болмады, – деді Әубәкіров.
Былтыр еңбек инспекциясы 50-ден астам шетелдік қызметкері бар 43 кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысындағы сәйкессіздіктің 109 фактісі анықталды, 200-ден астам шетелдік сәйкес келетін дипломсыз жұмыс істеді. Тексеру биыл да жалғасты және Әубәкіровтің айтуынша, жалақыдағы теңсіздік фактілері әлі де бар. Қазіргі уақытта осындай кемшіліктері бар 10 компания еңбек инспекциясының бақылауында.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті