Таулы Қарабақ қақтығысында армиян күштері Әзірбайжан аумағындағы бейбіт қалаларға қарата зымыран атқылады. Бұл Әзірбайжанның мұнай-газ өңіріне қауіп төндірген.
Өткен тәулікте болған қақтығыста бейбіт тұрғындар жапа шекті, бұған екі тарап бір-бірін айыптап отыр. Бұл өңірдегі қаза тапқандар саны соңғы ширек ғасырдағы әскери қимылдармен салыстрғанда әлдеқайда көп.
НАТО басшысы Йенс Столтенберг Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс туралы көзқарасын білдірді. Ол батыс елдерінің ұстанымын қолдайтынын айтып, ұрысты тоқтатуға шақырды.
Кейінгі күндері ұрыс күшейе түсіп, майданға ауыр техникалар мен зымырандар тартылды. Соғыс қимылының салдарынан қаза болғандар саны да еселеп артты. 27 қыркүйектен бері көз жұмғандар жүзден асқан.
Әзірбайжан президенті Әлиев бұл жанжалдың жалғыз шешімі Арменияның оккупациялаған аумақтан шығуы деп санайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы